Шымкенттің экс-әкімінің бұрынғы жеңгесі қорғау туралы бұйрық алды
Фото: @masamedia
Үш баласымен бірге үйінен қуылған Дана Әтешова бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновтің қолы қойылған қорғау қағазын алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы әйел 2024 жылдың 14 шілдесінде Instagram желісінде хабарлады. Ол бұйрық Әйтенов екеуіне ортақ балаларға қатысты да шығарылғанын атап өтті.
«Балаларым мен маған қорғау туралы бұйрық берілді, осымен көңілім орнына түсті» деп жазды Әтешова.
Ол өз пікірінше, көшіру кезінде процессуалдық тәртіп бұзылғанын, сондай-ақ оқиғаға қатысқандардың барлығының кінәсін дәлелдеуді жоспарлап отырғанын айтты.
2024 жылдың 13 шілдесінде Астана полициясы Дана Әтешова мен оның үш баласын үйінен шығаруға қатысты оқиғадан кейін тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Әйел Шымкенттің экс-әкімінің ағасы, бұрынғы күйеуін зорлық-зомбылық көрсетіп, соққыға жыққаны үшін айыптады. Көшіру барысында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, қазақстандықтар арасында үлкен резонанс тудырды.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасы Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңының 20-бабына сәйкес қорғау нұсқамасы жәбірленушінің еркіне қайшы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, оны іздеуге, қудалауға, баруға, ауызша, телефон арқылы сөйлесу және онымен өзге де тәсілдермен, оның ішінде кәмелетке толмағандар және (немесе) әрекетке қабілетсіз отбасы мүшелерімен байланысқа түсуге тыйым салынған.
Қорғау нұсқамасын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Жаңалықтар
- Алматы облысында екі баланың анасы көлік қағып қаза тапты
- Отандық баскетболға 100 жыл: Тоқаев FIBA президентін қабылдады
- Бірі қабірде, бірі мүгедек: Екі адамды қаққан 21 жастағы жүргізушіге апелляция сот шешімі қандай?
- Алматыдағы электр өшуіне Канье Уэсттің қатысы жоқ – Энергетика министрлігі
- Атырау МӨЗ-де өрт шықты
- Арменияда экс-президент Роберт Кочарян мен оның ұлы ұсталды
- ОСК қорытындысы: Ең көп мандатты «Әділет» партиясы иеленді
- Башар Асад режимінің бұрынғы мүфтиі өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Қазақстанда көмір тапшылығы болмауы үшін үкімет ЖИ-ге жүгінеді
- «Сұңқар» трамплиндері ісі: Алматы соты Ерлан Сариевті ақтады
- «Қалқаман» метро станциясы қашан ашылатыны белгілі болды
- Шымкентте спорт шеберін азаптап өлтірді деген алты адамның соты басталды
- Ұлттық экономика министрі 2029 жылға дейін болжам жасады
- Атырау облысында ер адам жүкті әйелін аяусыз соққыға жыққан
- ШҚО-да 13 жастағы қыз байлаулы аттың арқанына соғылып, қаза тапты
- Қазақстанда электрсамокатшыларға заң күшейді: Енді тротуарда жүруге болмайды
- Қостанайда енесі мен келіні жанжалдасты: Іске полиция араласты
- Тоқаев ақын Марфуға Айтқожаны 90 жасқа толуымен құттықтады
- Жаһандық жылыну: Дүниежүзілік мұхит температурасы 50 жыл бұрынғы рекордтан асып кетті
- ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлауды бақылаудың алғашқы қорытындысын жариялады