Шымкенттік шенеуніктер бюджет есебінен 3,3 млн теңгеге ас ішкен
Шымкент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация «ресми» үш түскі ас пен кешкі асқа бюджет есебінен 3,3 млн теңге жұмсаған.
Тендер бойынша орындалған жұмыс актілерінде:
«Іскерлік миссия аясында шенеуніктер Татарстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдерімен іскерлік кездесу мен кешкі ас өткізгені» айтылған.




«Инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша өзара ынтымақтастықты талқылау мақсатында Шымкентте Польшадан келген Selena Group өкілдерімен іскерлік кездесу және түскі ас ұйымдастырылды.
Польша өкілдерінің алдағы іскерлік миссиясына байланысты Польшаның Бас консулы Виолетта Собераньяскамен іскерлік кездесу ұйымдастырылды» деп хабарлады Шымкент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі.
19 қарашадағы құжаттар бойынша 250 адам 2 917 000 теңгеге түскі ас ішкен. Кешкі асқа 8 адам қатысып, 93 344 теңге жұмсаған. Ал түскі асқа 25 адам келіп, 291 700 теңгеге тамақтанған.
11 қыркүйектегі құжатта 7 адам 81 676 теңгеге тамақтанған, сонда адам басына 11 668 теңге кеткен.
5 млн-ға жасалған келісім-шарттың жартысы, 3 383 720 теңгесі шенеуніктердің тамақтануына жұмсалған. Ал қалған ақша «ұйымның ынтымақтастықты орнату және қолдау жөніндегі келіссөздерге қатысатын басқа ұйымдардың өкілдерін қабылдауға, оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстарға» кететіні белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық