Шымкенттің бас дәрігері ер адамдарды екпеге шақырудың жаңа тәсілін тапты
Шымкент қаласының бас дәрігері ер адамдарды екпеге келтірудің ерекше маркетингтік тәсілін тауып, оны жария етті.
Шымкенттің бас дәрігері Бақытжан Пазылов ер адамдарға екпе алудың қажеттілігін заманауи әдіспен түсіндіруге тырысты.

Бұл туралы Orda.kz порталы vera.kz. сайтына сілтеп хабарлады.
— Естеріңізде болсын, біз сізді жансақтау бөліміне жатқызған кезде, сіздің заттарыңыз бен телефоныңызды әйеліңіздің қолына береміз. Ол сіздің барлық хабарласқан адамдарыңызды міндетті түрде қарап шығады. Телефоныңызда сіздің көңілдесіңіздің де хабарламалары болуы мүмкін. Сондықтан, өзіңізді ұстап бермеу үшін вакцина алыңыз, - деп жазды Пазылов.
Шымкенттің бас дәрігері жіберген хабаралама қалалық чаттарда ең танымал болып, тез тарап кетті. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Пазылов бұл күлкілі жазбаны бір күн бұрын жариялады, алайда артынша өшіріп тастады.
Сонымен қатар, әзіл-шыны аралас хабарлама әсер етті ме белгісіз, дегенмен бүгін Шымкент қаласының «қызыл» аймақтан «сарыға» өтті. Қазіргі уақытта Шымкентте 392 630 адамға екпе жасалған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық