Шымкенттегі перзентхана маңындағы жарылыстан үш адам қаза тапты
Сурет: ашық дереккөзден
Шымкенттегі перзентхана маңында болған жарылыстан қаза тапқандар саны үшке жетті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, бүгін түске таман жергілікті перзентхана маңында орналасқан дәріханада оттегі баллоны жарылды. Жарылыс өртке ұласты. Жарылыс толқынынан ең жақын тұрғын үй, перзентхана және бірнеше көлік зақымданған.
«Қайғылы оқиғаның құрбандары 1979 жылы туған күзетші Б., 1980 жылы туған жұмысшы Ш., туғанына 18 күн ғана болған жаңа туған сәби. Сондай-ақ, сегіз адам зардап шекті, олардың барлығы қаланың емдеу мекемелеріне жатқызылды» деді Денсаулық сақтау министрлігі сенбіде.
Еске салайық, Шымкентте 21 мамыр күні таңертең перзентхана маңындағы дәріханада жарылыс болды. Марқұм күзетшінің денесі жарылыс болған жерден табылды. Жарылыстан кейін босанған әйелдер мен жаңа туған нәрестелер ауруханадан эвакуацияланды. Жарылыс салдарынан жаңа туған нәрестелердің бірі қайтыс болды. Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Денсаулық сақтау министрлігінде атап өткендей, перзентхана Түркістан облысының жеті ауданына бірден қызмет көрсететін. Оқиға салдарынан облыс жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді қабылдау бағытын шұғыл өзгертуге мәжбүр болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық