Шымкентте жоғалған 20 жастағы жігіттің денесі табылды
Фото: Видеодан кадр
Шымкентте із-түзсіз кеткен 20 жастағы Бәйдібек Ақмырзаұлы өлі табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Еламан Момынов есімді азамат әлеуметтік желіде хабарлады.
«Еділбек Бәйдібек Ақмырзаұлы табылды. Бірақ өкінішке қарай, бауырымыздан айырылып қалдық. Қандай жағдай болғанын қазірге айта алмаймын. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - дейді Еламан Момынов.
Жас жігіт 2025 жылғы 14-қаңтарда Түркістан облысы Ордабасы ауданынан Шымкент қаласына жүргізуші куәлігін алуға келген. Кейін сағат 14:37 шамасында досын әуежайдан шығарып салған. Аялдамаға келіп, әкесіне әлеуметтік желі арқылы ауылға қайтатынын жазыпты.
«15:22-де «Қатын көпір» аялдамасы маңында бір ұялы телефоны өшкен, ал 16:00 шамасында екінші телефоны өшіп қалған. Соңғы рет әкесімен желі арқылы ауылға қайтатынын айтып байланысқан. Одан кейін хабар болмады», - дейді жақындары.
Туыстары Еділбек Бәйдібекті іздеп таппағаннан кейін, 16 қаңтарда Тұран аудандық полиция бөліміне арызданған. Шымкент қалалық полиция департаменті іздестіру жұмыстарын жүргізген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық