Шымкентте жиһаздарды робот жасайды
Mega smart компаниясы дәл осындай автоматты конвейер желісін іске қосқан, деп хабарлады «Хабар 24». Осыдан соң зауыт жұмыс көлемі мен табысын едәуір арттырған.
Фабрикада ай сайын 30 мың шаршы метр плита мен бес мың жиһаз шығарылады. Бірнеше жыл бұрын бұл шеберханада санаулы ғана станок болған. Ендігі жерде барлық жұмыс толығымен автоматтандырылған. Тіпті бүгінде фабрикада жиһазды роботтар дайындайды. Бұл кәсіпорынның кірісін арттыруға үлкен себеп.
Ең басында зауыт директоры Сергей Хегай жұмысты бастағанда бұл жерде шағын гараж бен екі жұмысшы болған. Қазір Сергейдің фабрикасынан шыққан өнімдерді тек шымкенттіктер ғана емес өңір түгел дерлік пайдалануда.
Жиһаз фабрикасы бүгінде халықаралық стандартқа сай өнімдер шығарады. Түркістандағы Hampton By Hilton қонақ үйіне аталған компания жүз мың дана сәнді жиһаз жасаған. Фабрика өнімдері сондай-ақ Орталық Азия елдеріне, Ресей мен Беларусь мемлекетіне де экспортталады.
«Біз ISO-9001 халықаралық сапа менеджменті туралы халықаралық сертификаттаудан өттік. ISO-14001 экологиялық сапа менеджменті мен OHSAS сертификаттары да бар. Қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз. Сондықтан да Hilton қонақ үйлер желісінде аккредитациядан өттік», - дейді Mega smart компаниясының басшысы Сергей Хегай.
Зауытта бояулар жасалатын жеке зертхана құрылған, онда түрлі түстерге тәжірибе жасалады. Компания рельеф түрінде жабынды жасаудың технологиясына да патент алған. Фабрика, осылайша, жиһаз индустриясына инновациялар алып келді. Бұл жұмыстар отандық жиһаздың сапасы мен бағасының қолайлы болуы үшін қажет.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық