Шымкентте жас қыз көпірден секірмек болды
Фото: Бейнеден кадр
3 шілде Шымкент қаласының Еңбекші ауданында көпірдің қоршауынан асып, өз-өзі қол салу үшін секіріп кетейін деп тұрған қызды ҚР Ұлттық ұланының 6506 бөлімінің әскери қызметкерлері құтқарып қалды.
Бұл туралы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы хабарлады.
Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Шымкент қаласының Еңбекші ауданында патрульдік қызмет барысында жас қыздың көпірден секірейін деп тұрғанын көреді.
Қызметкерлер мәліметті жақын маңдағы патрульдік топтың бастығы Раулан Өтебаевқа жеткізді. Ол қатардағы патрульдік қызметтегілер Арыстанбек Анарбай және Дулат Ауғанбаевпен бірге көрсетілген жерге жедел жетті.
«Көпірден секірмек болған қызды көріп, бірден оған қарай бет алдық. Бұл кезде ол көпірдің қоршауының сыртына шығып тұрды. Бізді көпірден бір-ақ секіремін деп қорқытты», – дейді қатардағы жауынгер Раулан Өтебаев.
Күзетшілер қызбен әңгімелесіп, оны райынан қайтаруға тырысты. Осы кезде жақын маңнан өтіп бара жатқан адамдар да қызды көндіріп көрді. Сәл күткеннен кейін, ұлттық ұлан секірейін деп тұрған қызды шап беріп ұстап қалды. Осыдан кейін оны сабасына түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Айта кетейік, әскерилерге аты-жөнін жасыруды жөн көрген жергілікті тұрғын белсенді түрде көмектесті. Осылайша тәртіп сақшылары мен азаматтардың көмегінің арқасында тағы да бір адам аман қалды.
Жаңалықтар
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады
- Дәрігерлер әйелден салмағы алты келіден асатын ісікті алды
- Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге зейнетақы береді
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады