Шымкентте жан түршігерлік жол апаты орын алды
Қайғылы оқиға 20 наурыз күні Абай ауданында болған. Үш адам оқиға орнында көз жұмды, қалғандары ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
ОТЫРАР хабарлауынша, Абай ауданында мереке қарсаңында – 20 наурыз, түнде адам өліміне әкелген жол апаты орын алған.
Әл-Фараби көшесі мен Алматы тас жолының қиылысында Hyundai Starex, Toyota және Daewoo Gentra үш көлік соқтығысқан.
Қатты соққыдан кейін бірнеше адам көліктен бірден асфальтқа ұшып кеткен.
Үшеуі оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына бес жедел жәрдем көлігі келді. Зардап шеккен жеті адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Олардың бесеуі ересек және екі бала. ⠀
Оқиға орнына дер кезінде жеткен өрт сөндіру қызметі өрттің алдын алды: соқтығысқаннан кейін жанармай ағып, Toyota өртенді.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық