Шымкентте қуғын-сүргін құрбандары бейіттерінің үстіне жол төселіп жатыр
Шымкентте қуғын-сүргінге ұшырағандар жерленген жерге жол салына бастады. Бұл жер сталиндік қуғын-сүргін кезінен бері «Қайтпас» деп аталады.
31 арнаның хабарлауынша, жергілікті тұрғындар жерлеу орнында құрылыс жұмыстарын жүргізбеу туралы өтінішпен әкімдікке бірнеше рет жүгінген. Алайда тұрғындардың айтуынша, шенеуніктер олардың қарсылығына құлақ аспады.
«Осы жерде, сайда жасырын атып, зиялы қауымды түнде әкеліп, өлтірген» дейді жергілікті тұрғын Өлмесхан Жәнібеков.
Жұртшылықтың ішінде жол апаттары бұрын бейіт орнына төселген жолдың үстінде орын алатыны туралы сыбыстар бар.
Мердігер мекеме басшысы Әлішер Ханалиевтің айтуынша, бас жоспарда бұл жерде қорымдар туралы мәлімет жоқ.
«Ұсынылған жобамен жұмыс істеп жатырмыз. Қазір құрылысты тоқтаттық» деді ол.
Шымкент қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы Шамиль Аманқұлов бұл мәселе жан-жақты қарастырылатынын қадап айтты.
«Жобалаушыға ұсыныстар береміз, өзгертулер енгіземіз. Жобаны ауыстыруға, жылжытуға болады» деді Шамиль Аманқұлов.
Бейіттерді қорғауға тырысқан тұрғындар қазір үкіметтен көмек сұрап жатыр. Олар бұл жерді мемлекет қарауына алуды сұрауда.
Жаңалықтар
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді