Шымкентте тыйым салынған діни ағымдағы экстремистік топ анықталды
Фото: Pexels
ҰҚК басқармасы радикалды-экстремистік «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының Шымкенттегі 22 мүшесін анықтады.
Бұл туралы Шымкент қалалық прокуратурасы хабарлады.
Іс-шаралар барысында бұл топтың Рамазан айында «ауызашар» өткіздік деген сылтаумен діни жиналыстар ұйымдастырып, қолдаушыларын көбейтуді көздегені белгілі болды. Тексеру кезінде тыйым салынған 7 діни кітап, 10-нан астам қолжазба және экстремистік мазмұндағы парақшалар, 6 ұялы телефон және 4 ноутбук тәркіленді. Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 256-бабының 1-бөлігі және 259-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Прокуратура радикалды-экстремистік ұйымдарға кіруге немесе олардың насихатына шақырудың заңға қайшы екенін ескертеді және мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту жазасы бар екенін хабарлады.
Жаңалықтар
- Қазақстан мен Еуропалық одақ 12 миллиард долларлық келісім дайындап жатыр
- Тоқаев ЕО дөңгелек үстелінде: Біз білімге негізделген экономика қалыптастыруға ұмтыламыз
- 150 млн еуро инвестиция: Тоқаев пен ЕО басшылары жаңа келісімдерге келді
- Ербаян Мұхтар қайтыс болды
- Тоқаев: Бельгия — Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі
- 102 адам мейрамханадағы астан уланды: Сот қылмыстық іс қозғады
- 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда не өзгереді: Жаңа Конституция және кедендегі жаңа ережелер
- Қазақстанда сұйытылған газды жеткізу ережелері өзгерді
- Краннан құм, лай, құрт шыққан: Талғар тұрғындары тағы да дабыл қағып, 18 жылдан бері таза суға жете алмай жүр
- Көкшетауда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген әйелдің жазасы кейінге қалдырылды
- Қазақстандағы айыппұл саясаты: «Айыппұлстан» деген сөзге қатысты Ержан Сәденов өз көзқарасын білдірді
- 254 адам өліп, эпидемия жариялаған Конгоға Эбола вирусымен күресу үшін Қытай мыңдаған дәрігерін жіберді
- Астанада 224 жер учаскесі мемлекет қажетіне алынады
- Қытай АҚШ-тың 56 компаниясына қарсы сауда шектеулерін енгізді
- Қандай пост, пікір, репост үшін 20 жыл түрме беріледі? Прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
- Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып Ғиззат Байтұрсынов тағайындалды
- Президент елдегі жарылысқа байланысты Катар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады
- Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапары барысында отандастармен кездесті
- Әл-Фарабидегі апат: Сот Пакты 10 жылға бас бостандығынан айырды
- Bloomberg — Ормуз бұғазы арқылы өтетін Иран мұнайы экспорты ең жоғары деңгейге жетті