Шымкентте тұрғындар әкімдіктен жарық тартуды тездетуді сұрайды
22 қыркүйек күні Шымкент қаласы Қаратау ауданы Қайнарбұлақ тұрғын үй алабының ондаған тұрғыны коммуналдық қызметтің нашарлығына шағынды. Олар «газ бен ауыз су жоқ, жарық жиі өшеді» дейді.
Тұрғын Серік Кәсеновтың айтуынша, тұрғылықты жерде ауыз су жоқ. Әкімдік аптасына әр отбасына 400 литр су тасып береді. Бұл су – ішуге, жуынуға, үйдің тіршілігіне жұмсауға кетеді. Апта соңында суы таусылғандар көрші саяжайдан тасиды немесе ауласынан қазып алған құдықтан су алады.
– Жарық – жекеменшікте. Бағасы – қымбат, сапасы – төмен. Жүз отбасына шақталған трансформатордан 250 отбасы жарық тартып алған. Жел тұрса жарық бірден сөнеді. Жалғаймын дегенше екі күн өтеді. Жарық болмаса интернет те өшеді. Газ жоқ. Қалада тұрсақ та қыс түскенде от жағуға мәжбүрміз, – дейді ол.
Тұрғын үй алабындағы орталық көшенің біріне жиналған қырыққа жуық адам жергілікті әкімдіктен коммуналдық қызметтің сапасын көтеруді сұрайды. Олар бірінші кезекте мемлекеттік электр жарығын қыс түскенге дейін тартып беруді талап етеді.

Қалалық энергетика және инфрақұрылым дамыту басқармасының бөлім басшысы Шоқан Айдарбектің айтуынша, тұрғын алапқа жарық тартуға бюджеттен екі жарым миллион теңге бөлінген. Бірақ жарықты тарту жұмысын жеңген мердігер компания келісім-шартты бұзған.
Жаңа мердігер компанияны анықтау үшін жобаны қайта тексеріп, есептеген. Мемлекеттік сатып алу конкурсына шығарған.
Әкімдік электр жарығымен қамту жоспарында тұрғын алабында 2760 үй бар деп көрсеткен.
Автор: Дилара Иса
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық