Шымкентте туған қызын 4 жыл бойы зорлаған әкеге сот үкімі шықты

cover Фото: freepik.com

Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өз қызын зорлаған ер адам 4 жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Жәбірленуші 15 жастағы колледж студенті болса, сотталушы оның туған әкесі. Азғын өз перзентін 11 жасынан бастап зорлаған екен. Сұмдыққа жылдар бойы шыдап келген қаршадай қыз ақыры полицияға арызданған. Сөйтіп, кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылыпты. 

2025 жылдың күзінде әшкере болған сұмдықтан соң әкесі ақыры қамауға алынып, бүгін сот үкімі шықты. Сот барысында айыпталушы өзін ақтауды сұраған екен. Алайда жабық қаралған істің соңында прокурор ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Сөйтіп, судья оны балалармен жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, өмірбойына соттауды үкім етті.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар