Кентауда оқушылар төбелесіп, бір бала қайтыс болды
Түркістан облысы Кентау қаласында екі ауылдың оқушылары төбелесіп, бір адам қайтыс болды.
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың Orda.kz тілшісіне айтуынша, 15 қыркүйекке қараған түні Қармақ және Шекербұлақ ауылының оқушылары арасында жанжал болып, бір адам қайтыс болған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, қайтыс болған адам – 10-сынып оқушысы. Пышақ жарақатын алған марқұмның денесі ауыл маңынан табылған.
«Түн ортасында екі ауылдың оқушылары арасында тұрмыстық жанжал болған. Бір күдікті ұсталған. Қалған күдіктілерді ұстау шаралары жүруде» дейді полиция.
Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен (99-бап) қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Дилара Иса, Шымкент қаласы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық