Шымкентте тик-токқа видео түсірмек болған 15 жастағы бойжеткенді тоқ соқты
Шымкенте 15 жастағы қыз тоққа түсіп, денесінің 91 пайызын күйік шалды. Ол теміржол үстіндегі көпірдің темір қалқа торына шыққан, кейін телефонмен видео түсірмек болған кезде аспалы электр сымына жабысып өртене бастаған.
Бұл туралы Orda.kz КТК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, оқиға орнында қыздың жанып кеткен киімінің шүберектері әлі торға жабысып тұр, тіпті электр сымында қыздың шашы да ілініп қалған. Қыздың туыстары ешкіммен тілдескісі келмейді. Денесінің 91 пайызы жанған қыздың өмірі үшін қазір дәрігерлер арпалысып жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, тоққа түскен қыз өртеніп, жанып жатқан.
– Мына жерде бір отшашу сияқты атылды. Шашы сары қыз. Қимылдап жатты. Өртеніп, кәдімгідей жанып жатты. Мынандай шеттері жанып жатқан, ұзыннан жатты, - деді куәгер Мөлдір Жұмағұлова.
Дәрігерлердің айтуынша, күйіктен есінен танған және биіктен құлаған.
– Электр жарақаты, электр жалынымен 2-ші, 3-ші А, Б және 4-ші дәрежелі термиялы күйік. Күйіктен естен танған. Туысқандарының айтуы бойынша, бір жарым, 1 сағат бойы өртенген. Үлкен биіктіктен құлаған, - деді Т.Орынбаев атындағы жоғары қысымды оксигенация орталығының бас дәрігері.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық