Шымкентте тергеуде қаза тапқан Жұмабаевтың ұсталған сәті жарияланды
Шымкентте полицейлердің қолынан қаза тапқан Нұрболат Жұмабаевтың ұсталған сәтінің бейнежазбасы желіде жарияланды.
Видео telegram-арнада жарияланды.
Жазба мәтінінде «мән беріп қарасақ, арнайы жасақ оны көшеден ұстап, алып кетті. Ол қашпады, ешқандай қарсылық білдірмеді. Бірақ оны қандай да белгісіз бір себептермен ұрған.
Екінші ұсталған Сергей Петров кафе ішінде тыныш тамақтанып отырған, ешқандай қарсылық көрсетпеді. Арнайы жасақ кафенің ішіне кіріп, күш қолданған» делінген.
Еске салсақ, 8 желтоқсан күні сағат 17:00-де Шымкент қалалық полиция департаментінің ғимаратында жауап алу үшін 1990 жылғы Нұрболат Жұмабаев жеткізілді, ол қала аумағында бірнеше қымбат шетелдік көлік ұрлады деген күдікпен ұсталған. 31 жастағы азамат тергеу кезінде қаза тапты.
Марқұмның әкесі Ерқара Жұмабаев Шымкент қалалық полиция департаментінің алдына келген, полицейлер оның денсаулығына шағымданғанын алға тартқан. Бірақ әкесі ұлының жүрегі ауырғанына сенбей отыр, себебі ол спортпен шұғылданған. Марқұмның әкесі полицейлер ұлын «ұрып өлтірді» деп санайды.
Жұмабаевпен бірге ұсталған досы Сергей Петров полиция бөлімшесінен әр түрлі жарақаттармен шықты.
— Басымызға қап кигізіп, соққыға жықты. Сосын полиция департаментіне алып келді. Бізді онда жедел уәкіл қызметкерлері ұрып-соқты. Жұмабаевты да ұрды. Мен бәрін көрдім. Басымызға күртемізді орап тастады. Қолдарымызға кісен салды. Менің басымнан күрте түсіп кетіп жатты. Жұмабаевты әкетіп бара жатқанын, соққыға жыққанын көрдім, - деді ол.
Тергеу кезінде көз жұмған Нұрболат Жұмабаевтың ісі бойынша үш полицей жауапқа тартылды.
Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотында Нұрболат Жұмабаевтың ісі қаралып, екі подполковник пен бір полковник тергеу аяқталғанша екі айға қамауға алынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық