Шымкентте түрмеде отырған ер адам 29 жылдан кейін анасын тапты
Колонияда жазасын өтеп жатқан ер адам анасын тауып беруді сұрап, 29 жылдан кейін анасымен кездескен.
Otyrar басылымының хабарлауынша, ер адам екі жаста болғанда оның ата-аналары ажырасып кеткен. Баланың тәрбиесімен әкесі айналысқан, отбасында анасы туралы сөз қозғауға тыйым салынған.
Айыпталушы 29 жыл бойы анасын іздеген. Қазіргі таңда ер адам үйленген, өз балалары бар. Ол қылмыс жасап, түрмеге түскен.
Сотталушы жазасын қатаң режимдегі ИЧ 167/2 колониясында 700 адаммен бірге жазасын өтеп жатыр, оның әлі 5 жылы қалған.
«Мен оны іздедім, бірақ ол туралы ақпарат таба алмадым. Жақындарым бәрін менен жасырып келді. Оны қайдан іздерімді білмедім. Түрмеге түскеннен кейін қызметкерлерден көмек сұрадым. Бірнеше айда полицейлер анамды тапты. Біз онымен телефонмен сөйлестік, енді кездесеміз. Мен бүгін оны көремін. Менің әйелім және екі балам бар, қазір анамды таптым» дейді сотталушы.
Әйел баласын тәрбиелеуге араласпағаны, қиын сәтте қасында болмағаны, түрмеден құтқармағаны үшін кешірім сұрады. Ол да 29 жыл бойы ұлын іздегенін алға тартты.
Айыпталушының анасы ұлының түрмеде екенінен қорықпаған, бастысы ол дін-аман, қалғаны бір шешімін табар дегенге сенімді.
«Өмірде бәрі қателеседі! Мен ұлымды ешқашан айыптамаймын. Мен оны іздедім, бірақ туыстарым онымен араласуға тыйым салды. Жарайды, осылай болды, мен ешкімді кінәламаймын. Ең бастысы, мен оны таптым» дейді сотталушының анасы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық