Шымкентте төбелес соңы адам өлімімен аяқталды
Шымкентте көпшілік алдында басталған төбелес арты адам өлімімен аяқталды.
Отырар басылымының хабарлауынша, бірі екіншісін пышақтауға дейін барған.
«Қайғылы оқиға 27 наурыз күні сағат 19:17 шамасында, көшеде, куәгерлердің көзінше күннің жарығында орын алған. Жантүршігерлік төбелес бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Сондай-ақ, айнала куәгерлерге толы болған. Жедел жәрдем көлігінің жанында тротуарда жатқан адам мәйіті бейнеленген видео мессенджерлер арқылы тарады. Кадрда екі ер адамның жанжалы төбелеске ұласып, бірі екіншісін пышақтап кеткенін көруге болады. Ер адам оқиға орнында көз жұмды» делінген хабарламада.
Оқиға орнына патрульдік полиция, жедел-тергеу тобы және аудан прокурорлары келді.
«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Оқиға орнында күдікті қамауға алынды. Ол уақытша тергеу изоляторына орналастырылды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Алдын ала болжам бойынша, ауыр қылмыс жасауға қызғаныш себеп болған» деді Шымкент қалалық ІІБ ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық