Шымкентте спорттық үйірме жетекшілері әкімдік алдында наразылық өткізді
23 қыркүйек күні Шымкент қаласы әкімдігі алдына «Артспорт» бағдарламасы негізінде мемлекеттің есебінен тегін балаларды жаттықтыратын спорт және шығармашылық үйірмелерінің жетекшілері жиналды. Олар әкімдік шілде, тамыз айының төлемақысын өтемегеніне наразы.
Жиналғандардың айтуынша, әкімдік балаларды тегін үйірмеге тартқанымен, соңғы екі айда ақысы төленбеген. Әкімдік үйірмелермен келісім-шартқа отырғанымен төлеп беруге кепілдік бермей отыр.
- Мысалы, шығармашылық бағыт бойынша жоспарда 6 мың воучер болса да басқарма 36 мың воучерді тіркеп жіберген. Әкімдік ақша бөлгенімен уақтылы бақылап, қадағаламаған. Егер қарыз өтелмесе қазан айынан бастап үйірмелер жұмысты тоқтатуға мәжбүр. Өйткені, жалға алынған ғимарат пен үйірме қызметкерлерінің жалақысын төлей алмай отырмыз, - дейді «Ритм» би орталығының директоры Раиль Файзуллин.

«Ешқайсымыз ерігіп жүрген жоқпыз», «Артспортпен» жұмыс істейміз деп шығынға баттық», «Заң бойынша жұмыс істеңіздер» деп айқайлады жиналғандар.
- «Артспорт» бағдарламасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Жауапты адамдар мен ұрланған ақша кері қайтарылғаннан соң шілде, тамыз айының ақысы төленуі мүмкін. Қазір екі айға төлем жасауға мүмкіндік жоқ, - дейді наразылармен келісімге келуге шыққан қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.
Бұған жиналғандар келіспей, прокуратураға шағым жазуға кетті.
Шілде айында қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басқарма басшысы «Артспорт» платформасы арқылы балалар шығармашылығын қаржыландыруға бөлінген ақшаны ұрлауды ұйымдастырды деп айыптайды.
Дилара Иса, Шымкент қаласы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық