Шымкентте сауда үйі өртеніп, ғимарат ішіндегі адам терезе арқылы шықты
Фото: Бейнеден кадр
19 қыркүйек күні Шымкенттегі Buy Park сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты. Ғимарат ішінде жүрген адамның терезе арқылы шығуына тура келді, деп хабарлайды Orda.kz.
Шымкенттегі Төлеметов көшесінде орналасқан Buy Park сауда ойын-сауық орталығы бірден өртке оранған. ТЖМ мәліметінше, адамдар өздері сауда орталығынан шығып кеткендіктен эвакуациялау қажет болмаған. Бірақ ғимарат ішінде бір адам қалып кетіп, ол өз бетінше терезе арқылы сыртқа шықты. Оған айналадағы адамдар мен құтқарушылар көмекке келді.
Әлеуметтік желі қолданушысы Мира Мырзашова ол адамның ағасы екенін мәлімдеді.
«Бұл – менің туған ағам. Ол ештеңе көрінбегенін айтады. Спортзал ішінде жаттығумен айналысып жүрген, осы жақта терезе барын есінде сақтап, көзін жұмып, терезені ашып сыртқа шыққан. Қазір ауруханада жатыр, жағдайы жақсы», – деді ол желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Шымкентте 21 қыркүйек күні түстен кейін мешіттің шатыры өртке оранды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық