Шымкентте қаңтар оқиғасына қатысқан үш белсендіге қатысты сот отырысы өтті
Сот Қаңтар оқиғасына байланысты қамалған Ләззат Досмамбетованың жазасын өтеуді кейінге қалдырды. Екі белсендіні қамаудан босатпады.
8 қыркүйекте Шымкент қалалық соты Қаңтар оқиғасына байланысты «Жаппай тәртіпсіздік» бабымен қамалған азаматтық белсенділер Жанмұрат Аштаев, Қайрат Сұлтанбек пен Ләззат Досмамбетованың апелляциялық шағымына қаулы шығарды. Досмамбетованың жазаны өтеуін
екі жылға шегерді. Аштаев пен Сұлтанбекті қамауда қалдырды.
Қазақстандық құқыққорғаушылар «саяси тұтқын» деп таныған азаматтық белсенділерді қолдауға туыстарымен бірге Қазақстанның бірнеше аймағынан ондаған адам жиналды. Олардың көпшілігі үш белсендінің суреті мен «Бостандық! Қанды қаңтар» деген жазуы бар плакат ұстап тұрды.
Сот процесіне кіруге сұранғанымен ішке олардың бәрін бірдей кіргізбеді. Сот қызметкерлері сот залына отызға жуық адамды кіргізді.
Сот процесіне қамауда жатқан үш белсенді қатыспады.
Апелляциялық сот алқасы Әл Фараби аудандық сотының үкімімен үш жыл жеті айға қамалған Ләззат Досмамбетованың кәмелет жасқа толмаған балалары бар екенін ескеріп, жазасын өтеуін екі жылға кейінге қалдырды. «Аштаев пен Сұлтанбектің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын» деді судья.
Қаулы оқылғаннан кейін Аштаевтың туыстары соттан соттау үшін дәлел көрсетуді талап етті. Сот алқасы оларды тыныштандыруға тырысты. Бірақ олар дауыстап дәлел сұрай берді. Алқа «сот қаулысын түсіндіруге мүмкіндік жоқ» деді.
Осы кезде сот залына бір топ полиция кіріп келді. Олар дәлел талап еткен Аштаевтың туыстарын күштеп сыртқа шығарды. Сот ғимаратының алдына шыққанда кем дегенде үш адамды полиция күштеп әкетті.
Қарсылық білдірген Аштаевтың екі қарындасы талып қалды. Оларға жедел жәрдем көмек көрсетті.
Жиналғандар сот ғимаратының алдында ұсталғандар мен сотталған белсенділерге бостандық талап етіп тұр. Оларды ондаған полиция қоршап тұр.
- Сот үкімімен келіспейміз. Соттауға дәлелдемелер жоқ. Үш адамның да толық ақталуын сұраймын. Олар саяси көзқарасы үшін қудаланып отыр. «Назарбаев кет!» дегені үшін сотталды, - деді Аштаевтың адвокат Мұрат Жолшиев.
Үш белсендінің туыстары соттан оларды ақтауды сұраған.
— Кәмелет жасқа толмаған 4 баламыз бар. Бесінші балама аяғым ауыр. Күйеуім жалғыз асыраушымыз. Аштаевты ақтауды, айыпты деп танылса да бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраймын, - деді Аштаевтың әйелі Мөлдір Нұранова сот отырысында.
15 шілде күні Әл Фараби аудандық соты Аштаевты үш жыл бір айға, Сұлтанбекті үш жарым жылға, Досмамбетованы үш жыл жеті айға қамау туралы үкім еткен еді.
44 жастағы Жанмұрат Аштаевты, 48 жастағы Қайрат Сұлтанбек пен 51 жастағы Ләззат Досмамбетованы қазақстандық құқыққорғаушылар «саяси тұтқын» деп таныған. Бұған дейін олар тағылған айыпты мойындамаған. Тергеу органдарынан айыптауға дәлел келтіруді талап еткен.
Тамыз айында үш белсенді де түрмеден хат жазып, Еуропа одағының депутаттары мен БҰҰ-дан араша сұраған. Бұл туралы олардың туыстары Facebook парақшасында жариялаған.
Үш белсенді де 2021 жылы «Тыйым салынған ұйымның ісіне араласқаны үшін» әр түрлі мерзімге бас бостандығы шектелген.
Сұлтанбек пен Досмамбетова 7 қаңтардан, Аштаев 8 қаңтардан Шымкенттегі Сәуле ықшам ауданындағы ИЧ 167/11 тергеу изоляторында қамауда отыр. Олар бұл істі саяси белсенділігімен байланыстырады.
Дилара Иса, Шымкент қаласы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық