Шымкентте қалың қар жауып, оқушылар онлайн оқуға көшті
Шымкентте бір тәуліктен бері жауған қалың қардан қала көшелерінде көлік жүру қиындады. Түстен кейін қалалық білім басқармасы оқушыларды онлайн сабаққа көшірді.
9 қаңтар түстен кейін басталып тоқтамаған қардың қалыңдығы шамамен 30-40 сантиметрге жетті. Бірінші ауысымда оқитын оқушылар сабаққа барғанымен, қалалық білім басқармасы түстен кейін 1-8 сынып оқушыларын онлайн сабаққа жіберді.

«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін білім беру ұйымдарындағы 1-8 сынып оқушылары үшін ағымдағы жылғы 10-11 қаңтар күндері қашықтан оқыту ұйымдастырылып, ал 9-11 сынып оқушылары дәстүрлі форматта білім алуды жалғастыратын болады» делінген басқарма хабарламасында.
Төтеншеліктер кешеден бері қалың қар жауып, көктайғақ болатынын, тұман түсетінін ескертіп жатыр.

Таңға дейін жауған қардан қала ішінде көлік жүру қиындады. Коммуналдық қызметкерлер орталық көшелердің өзін тазалап үлгермей жатыр. Салдарынан қарға батқан жеңіл және қоғамдық көліктер көбейді. Әр жерде полиция қызметкерлері көлік қозғалысын реттеуге араласып жүр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық