Шымкентте полиция қызметкерлері журналисті соққыға жықты
Шымкентте «Астана» телеарнасының журналисі Бахрамбек Талибжановты тәртіп сақшылары соққыға жықты, деп хабарлады «Әділ сөз» қоры.
Оқиға сейсенбі, 2 наурыз күні орын алған. Түнде Темірлан тас жолының бойында орналасқан авто бөлшектер қоймасында үлкен өрт шықты. Журналист ол жерге репортаж түсіруге барған, бірақ полиция түсірілімге тыйым салған.
Үш полиция қызметкері Бахрамбек Талибжановты байлап, тағы біреуі тілшінің бетіне, сосын бүйрегіне ұрды. Осы кезде олардың қасына Бахрамбектің әріптесі, 31 арнаның тілшісі Бахром Абдуллаев келді. Ол болған оқиғаны телефонға түсірді. БАҚ өкілдері Абай аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді.
Талибжанов шабуыл туралы мәлімдеме жазды. Шымкент қаласының полиция департаменті ресми тексеруді бастады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық