Шымкентте полицей әпкелі-сіңлілі екі қызды зорлап, видеоға түсірді
Фото: ІІМ
Шымкентте апалы-сіңлілі екі қыз өздеріне қол жұмсамақ болды. Олардың бірі кәмелетке толмаған.
Бұл туралы Orda.kz тілшісі хабарлайды.
Расталмаған ақпаратқа сәйкес, олар бірнеше ер адамның жыныстық зорлық-зомбылығына ұшырағаннан кейін шарасыз қадамға баруға бел буған. Полиция қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органдары қандай бап бойынша тергеу жүріп жатқанын айтудан бас тартты.
Ашық оқиғаны қоғам белсендісі Дина Таңсәрі бөлісті. Оның айтуынша, Шымкенттегі ауруханалардың бірінің қызметкері «Үнсіз қалма» қорына хабарласып, 30 шілдеде токсикология бөліміне 21 және 15 жастағы екі апалы-сіңлілі қыздар түскенін хабарлады.
«Оларды зорлап, видеоға түсірген. Зорлаушылардың бірі полиция қызметкері болып шықты. Қыздар арыз жазып, олармен психолог жұмыс істеп жатыр. Оларды болған жайт туралы айтса видеоны интернетке саламыз деп қорқытқан» делінген анонимді үндеуде.
Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада.
Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанмен вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасады
- Қазақстандағы қылмыстық криптоағындарға соққы: 9,7 млн USDT бұғатталды
- Жамбыл облысында 28 этнос өкілдері қауіпсіздік жолында қызмет етіп жүр
- Түркістан облысындағы «Қыран» футбол клубы қызметкерлеріне 100 млн теңгеден астам қарыз