Шымкентте пойыз қағып қаза тапқан адамға қатысты тергеу басталды
Иллюстрациялық фото: Orda.kz
Шымкент қалалық көлік полиция басқармасы теміржолдағы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Полицияның мәліметінше, оқиға 21 қыркүйекте болған. Теміржолдағы адам өліміне қатысты оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша Шымкент стансасындағы желілік полиция бөлімшесінде сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сілтеме жасап, басқа мәліметтерді бермеді.
Otyrar.kz басылымының хабарлауынша, ер адам шамамен 30-35 жаста, оқиға сенбі күні кешкі сағат ондар шамасында болған.
Темір жолды кесіп өтпек болған ер адамды пойыз қағып кетті. Өмірге сәйкес келмейтін жарақаттар салдарынан ер адам қайтыс болды. Ол жай ғана жолды кесіп өткісі келді ме, әлде осылайша өмірмен қоштасқысы келді ме, оны анықтау полиция құзырында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық