Шымкентте пеш ақауынан адам қайтыс болды

cover

Оқыс оқиға «Игілік» шағын ауданында болған. Үй иесі қайтыс болды, тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға табиғи газбен жылыту пешінің ақауы себеп болған.

«Оқиға орнына төтенше жағдайлардың екі қызметкері мен бір техникасы, сондай-ақ «Интергаз» АҚ-ның үш қызметкері мен бір техникасы қатыстырылды» деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар