Шымкентте парамен ұсталған ҚАЖД басшысы айыппұлмен құтылды
??????????????????????????????????????????????????????????
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының міндетін уақытша атқарып жүрген кезде «алаяқтық жасады» және «пара алды» деген күдікпен ұсталған Пархат Исақбаевқа сот айыппұл салды.
Исақбаевтың ісін Әл Фараби аудандық сотының судьясы Талғат Қаһаров қарады.
Сот 46 жастағы Исақбаевты Қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабы (366-бап) және «Алаяқтық» бабымен (190-бап) кінәлі деп танып, 9 миллион теңге айыппұл салды. Қамауда жатқан ол сот залынан босатылды.
2022 жылдың ақпан айында әділет подполковнигі Исақбаев департамент басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған. Төрт айдан соң департамент басшысының міндетін уақытша атқару міндеті жүктелген. Арадан 10 күн өткенде арнайы жасақ ұстаған.
«Сот кабинеті» жүйесіне ілінген қаулыда Исақов ИЧ-167/3 түзеу мекемесінде отырған сотталушының жазасын жеңілдету үшін дайындалатын құжаттарды сотқа жылдам өткізу үшін үш жүз мың теңге пара және күдікке ілінген адамды қамауда қалдырмауға ықпал етемін деп оның туысынан жүз мың теңгені алаяқтық жолмен алғаны жазылған.
Сотта Исақбаев жасаған іс-әрекеттіне өкінген, қатаң жаза тағайындамауды сұраған.
Сот Исақбаевтың жазасын жеңілдету барысында оның өкінетінін, бұрын сотты болмағанын және жас балаларының бар екенін ескерген.
Бұған дейін Facebook-те қолына кісен салынған, Исақбаевқа ұқсас адамды арнаулы жасақтың әкетіп бара жатқаны жөнінде видео тараған. 11 шілде күні сот санкциясымен екі айға қамалғаны хабарланды.
Дилара Иса, Шымкент қаласы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық