Шымкентте пәтерлердің бірінде ер адамды ұрып өлтірді

cover

7 қаңтарда сағат 00:40 шамасында Шымкент полициясына Қазанғап ақын көшесіндегі үйдің тұрғындары көрші пәтерде жанжал болып жатқанын хабарлады, деп жазады Polisia.kz.

Полицейлер 1980 жылы туған ер адамды белгісіз адамдардың ұрып-соққанын, оның алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болғанын анықтады.

«Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған немесе қылмыстық топ жасаған қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар