Шымкентте оққа ұшқан 20 адамның 19-ы «Қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны» деп танылды
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге көрсетілген қайырымдылық көмек туралы ақпарат жариялады. Оның ішінде оқиға кезінде кездейсоқ құрбан болған 135 адамның тізімі бар.
Қор мәліметінше, Қаңтар оқиғасында Қазақстанның 10 аймағында 135 адам кездейсоқ қайтыс болған. Олардың әрқайсысының отбасына 7 млн теңге көмек берілген.
Ресми мәліметке қарағанда, Шымкентте Қаңтар оқиғасында 20 адам қайтыс болған. Олардың 19-ы «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жариялаған «Қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны» тізіміне кірген. 1 адамның бұл тізімге кірмеу себебі белгісіз.
Бұған дейін 20 адамның өліміне байланысты Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалғанымен, кейіннен Шымкент қалалық прокуратурасы «қылмыс құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтатқан». Ал қайтыс болған адамдардың үстінен «Жаппай тәртіпсіздік» бабымен іс қозғалып, күдікті деп танылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық