Шымкентте мектеп оқушысы сабақ үстінде ауырып, қайтыс болды
Шымкентте жетінші сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында ауырып қалды, кейін ол жедел жүрек-өкпе жетіспеушілігінен жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Марқұм 12 жасар жасөспірім №1 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында оқыған.
19 қарашада дене шынықтыру сабағында оқушы өзін нашар сезінген. Мұғалім баланы жеке кабинетіне апарып, мектеп дәрігеріне баланың ауырып тұрғанын хабарлаған. Тексеруден кейін дәрігер жедел жәрдем шақырған.
Бала жансақтау бөліміне жатқызылды, бірақ науқасты аман алып қалу мүмкін болмады.
«Біз ауруханаға хабарласып, оқушының жағдайы туралы ақпарат сұрадық. Алайда, қарашаның 20-сы күні баланың анасына хабарласқанымызда оның түнде қайтыс болғанын білдік. Жедел жүрек-өкпе жеткіліксіздігі диагнозы қойылыпты» деді №1дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың директоры.
Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, бастапқыда балада пневмонияның симптомсыз түрі бар деген болжам болған. Бірақ бұл диагноз расталмаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық