Шымкентте коронавирустан емдеу орталығына қатысты іс қозғалды
23 тамыз Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық полиция басқармасы Орынбаев атындағы оттегімен тыныстандыру орталығына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап хабарлады.
22 тамыз Instagram желісіндегі Elbasy_live парақшасында орталықта коронавирустан қайтыс болған Бақ есімді адамның хаты жарияланды. Хатта ол өзіне оттегі жетпей жатқанын, оттегіні жиі өшіретінін және өліп қалуы мүмкін екенін жазған. Ол көмек сұрап, басқа жерге ауыстыруды өтінген.
- Маған кислород жетпей жатыр. Бесконца кислород өшіріп жатыр. Мен өліп қалатын шығармын. Мені кислород бар жерге ауыстырыңдар. Басқа шыдай алар емеспін, - делінген хатта.
Белгілі болғандай, хатты сол орталықтың қызметкерлерінің бірі жіберген. Туыстары хат туралы білмеген.
Желіде хатты жазған адам көз жұмды деген ақпарат бар.
Бір отбасының үш бірдей мүшесі коронавирус жұқтырып, Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына түскен.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы хатқа қатысты ештеңе айта алмады. Орталықтың бас дәрігері Мәдина Ермаханбетова тек оттегі жететінін және қайтыс болған адам жоқ екенін айтты.
Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы бойынша қылмыстық із қозғаған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық