Шымкентте колледж студенті ауыр соққыдан қайтыс болды
22 қыркүйекте Шымкенттегі М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжінің жатақханасында 16 жастағы студент қайтыс болды. Ол кеудесі мен иығына тиген соққыдан мерт болған.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, оқиға түнгі сағат 12:30 шамасында колледж жатақханасында болған. 1-курс студенті ауыр соққыдан есін жоғалтқан.
Жедел жәрдем шақырылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен оның өмірін дәрігерлер сақтап қала алмаған.
Полиция студенттің кеудесі мен иығына екі жігіттің ұрғаны жөнінде ақпарат таратты.
Білім басқармасы бұл екі жігіт жөнінде әзірге ақпарат бермеді.
Оқиғаға байланысты Қылмыстық Кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен (106-бап) қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүріп жатыр.
Марқұм отбасындағы бес баланың екіншісі болған. «Сандық техника» мамандығы бойынша білім алған. Түркістан облысы Түлкібас ауданы Пістелі ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектептің 9-сыныбын бітірген.
Автор: Дилара Иса
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық