Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 700 миллион теңгеге 200 адамды алдап кеткен
Шымкент қалалық ҚМА департаменті Chia Tai Tianging қаржы пирамидасы филиалының ұйымдастырушысына қатысты тергеуді аяқтады.
Қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты тергеуді Шымкент қаласы бойынша ҚМА департаменті аяқтады.
Шымкент тұрғыны қаржы пирамидасының Шымкент қаласындағы филиалын 2022 жылдың қарашасынан 2023 жылдың сәуіріне дейін басқарғаны анықталды.
Оның қызметіне екі жүзден астам инвестор тартылып, оларға 700 миллион теңгенің материалдық шығыны келтірілген. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді.
Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертеміз. Біз азаматтарды қырағы болуға, жинақтарын күмәнді қаржылық ұйымдарға салмауға шақырамыз.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес,сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін сооталушы кінәсіз деп танылады.
Жаңалықтар
- Қазақстанда жыл басталғалы көршілес елдерден қашып келген 51 қылмыскер құрықталды
- Дер кезінде полиция шақырған балалар аналарын құтқарып қалды
- «Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
- Air Astana Дубайға рейстердің тоқтатылуын мамыр айының соңына дейін ұзартты
- Ақын Серікбай Әбілмәжін көз жұмды
- Қазақстанға дәрілік заттардың айналымын реттеу саласын жетілдіру бойынша 3-ші деңгей берілді — ДДСҰ бас директоры
- Мұхтар Шаханов ұрпақтарының есімдері нені білдіреді? Келіні сыр шертті
- «Центр плова Loft» кафесіндегі жарылыс: Тағы екі күдікті ұсталды
- Сауд Арабиясы Королі Таяу Шығыстағы күрделі ахуалда қолдаған Тоқаевқа ризашылығын білдірді
- ҰҚК Қостанай облысында криминалдық полиция бөлімінің үш қызметкерін ұстады
- 2025 жылғы MIVD есебі: Әлемде геосаяси қауіп күшейіп келеді
- Абай облысында шаруа қожалығының басшысы жоқ малға мемлекеттен 250 млн теңге алған
- Таразда«өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан әйелге сот үкімі шықты
- Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
- Қырғызстандағы Ельцин атындағы ҚРСУ кампусы Ресейде дау тудырды
- Қостанай облысында әйел TikTok пен Instagram-да есірткі дүкенін жарнамалаған
- Онколог ұйқының жетіспеуі қатерлі ісіктің дамуына қалай әсер ететінін түсіндірді
- Еуроодақ Украинаға 90 миллиард еуро несие беретін болды
- «Кінәлі болғанымды мақтан көрем!»: Ресейде Павел Дуровқа шақыру қағазы келді
- Астанадағы саммитте маңызды құжаттарға қол қойылды