Шымкентте көпбалалы аналар әкімдік алдында түнеді
Шымкентте көпбалалы аналар уақытша баспана беруді талап етуде, деп хабарлады Orda.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Олар қойған талаптарына жету үшін наразылық акциясын өткізді. Он шақты әйел, оның ішінде жүкті әйелдер қалалық әкімдіктің босағасында түнеуге шешім қабылдады.
Әйелдердің айтуынша, олардың көпшілігі баспана жалдай алмайды. Ал пәтер алуға кезегі әлі келмеген. Пәтер иелері көпбалалы отбасына баспана бергісі келмейді.
– Көп баламыз болғандықтан бізді ешкім алмайды. Біздің талаптар: тұрғын үй болмағандықтан, мемлекет бізге көмекке шықсын. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық балансында уақытша тұрғын үй бар. Біз осыны ғана талап етіп отырмыз, - деді Раушан Жанарова, көп балалы ана.
Наразылық білдірушілерден таңертеңге дейін бес әйел әкімдікте қалды. Тәртіп сақшылары оларды тарқатпақшы болды.
Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, көп балалы аналарға уақытша тұрғын үй беру заңмен қарастырылмаған. Пәтерлер кезек бойынша беріледі. Мысалы, биыл оны жиналғандардың ішінде екеуі алады.
– Уақытша баспана тұрғын үй қатынастары туралы заңда қарастырылмаған және біздің заңды бұзуға құқығымыз жоқ, - деді Абылайхан Балықбаев, Шымкент қалалық тұрғын үй бөлімі бастығының орынбасары.
Наразылық білдірушілер уақытша пәтер алуға ниет білдіріп, ел Президентіне хат жазбақ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық