Шымкентте кәмелетке толмаған қыздардың тәнін саудалаған жеңгетайлар ұсталды
Шымкентте полицейлер Қызылорда облысынан келген жеңгетайларды құрықтады, олар кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға итермелеген.
Polisia.kz ақпаратына сәйкес, «Stop трафик» профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полиция жалдамалы пәтерлердің бірінде жезөкшелікпен айналысатын әйелдерді анықтады. Олардың барлығы Семей, Қарағанды, Тараз, Атырау және Шымкент қалаларының тұрғындары. Олар мән-жайларды анықтау үшін Шымкент қаласы ПД тергеу басқармасына жеткізілді.
Мегаполисте Қызылорда облысынан келген үш әйел жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырып, оған Қазақстан азаматшаларын тартқаны анықталды. Олардың арасында екі кәмелетке толмаған қыздар бар.
«Үш жеңгетай қамауға алынды. Оларға қатысты ҚР ҚК 308 («жезөкшелікпен айналысуға тарту») және 309 «жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде» деп хабарлады ПД.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық