Шымкентте көлік жүргізушісі апалы-сіңлілі оқушыны қағып кетті
скриншот
Басқа көлікпен соғысып қалудан қашып, көлік жүргізушісі тротуарға шығып кетіп, апалы-сіңлілі екі оқушыны қағып кетіп, бағанаға барып соғылды.
Otyrar.kz хабарлауынша, қайғылы оқиға 5 мамыр күні таңертең әл-Фараби көшесіндегі алтыншы емхананың алдында болған.
Hyundai көлігінің жүргізушісі басқа көлікпен соқтығысудан аулақ болуға тырысып, рөлге ие бола алмай, тротуарға шығып кеткен.
Осы кезде екі оқушы қыз көше қиылысында бағдаршамның жасыл жануын күтіп тұрған.
Көлік қыздарды қағып, кейін бағанаға соғылған. Бастауыш сынып оқушылары түрлі дене жарақаттарымен «Асар» шағын ауданындағы балалар ауруханасына жатқызылды.
Аталған факті бойынша жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің «Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң кәмелетке толмағандардың дене жарақатына әкеп соқтырған жол жүру ережелерiн бұзуы» бабы бойынша хаттама толтырылды.
Екі көлік те уақытша айып тұрағына қойылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық