Шымкентте ғимарат құлап, үш адам қаза болды
Шымкенттегі «Ордабасы» индустриалды аймағында бес қабатты ғимарат опырыла құлап, салдарынан үш адам сол жерде қайтыс болды деп хабарлайды Оtyrar.kz.
Қайғылы оқиға туралы хабар ТЖД желісіне сенбі, 13 ақпан күндіз түскен. Оқиға Еңбекші ауданында Қапал батыр тас жолында орналасқан «Ордабасы» индустриалды аймағында болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бес қабатты ғимараттың 625 шаршы метрге жуық темір-бетон плиталарының жабындысы опырылып, құлаған.
Ғимарат бұған дейін қараусыз қалған, оның жалпы ауданы – екі мың шаршы метр болады. Оқиға орнына жедел құтқару жасағы, кинологиялық және апаттар медицинасы орталығының бригадалары келген.
Өкінішке қарай, кинологтар үйінді астынан үш ер адамның (1967, 1992 және 1999 жылғы туылған азаматтардың) денесін алып шықты. Алдын ала болжам бойынша, олардың бірі күзетші болып жұмыс істеген, қалған екі азамат иесіз цехтың металл құрылғыларын бұзумен айналысқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық