Шымкентте «Гарант 24 ломбард» ісі бойынша жәбірленушілер наразылық білдірді
25 сәуір күні Шымкент қалалық сотының алдына жиналған отызға жуық адам наразылық білдіріп, Ақтөбе соты «Гарант 24 ломбард» ісін созбалаңға салып жатыр деп айыптады. Олар соттан айыпталушылардан жәбірленушілерге ақшасын өндіріп беруді талап етті.
Айдар Түймебаевтың айтуынша, «Гарант 24 ломбард» қаржы пирамидасына Шымкенттен мыңнан аса адам ақша салған. Арасында 62 млн теңге салған адамдар бар. Бірі үйін, көлігін сатқан, енді бірі банктен несие алып берген. Бірақ үш жыл бұрын бұл қаржы пирамидасы деп танылып, жабылған. Іс сотқа өткеннен кейін салымшылар қиналған. Бірі несиесін жаба алмай үйінен айырылған, бірі қарызын өтей алмай денсаулығынан, кейбірі ажырасқан, қайтыс болғандар да бар.
«Банктен несие алып 3 млн 200 мың теңге салдым. Қазір жалаңаяқ қалдым. Қаржы пирамидасы жабылды дегенді көтере алмай кейбір адамдар қайтыс болып кетті. Солардың ақшасы қайтарылмайтын болып жатыр. Ақшамызды қайтаруды сұрап бармаған жеріміз қалмады», - дейді Түймебаев.
Жиналғандар тергеу кезінде жәбірленуші болып танылғанымен, сот процесі басталғанда іске қатыса алмағанына налиды.
«8 790 000 теңге ақша салдым. Сеніп қалдық қой. Біз сияқты 14 қаладан 43 мыңға жуық адам алданған екен. 54 миллиард теңге жиналған. 48 айыпталушы бар дейді. Осынша жұрт алданғанда құзырлы органдар қайда қарады? Ақшамызды қайтарсын, не айыптаушыларға ұзақ мерзімді түрме жазасы кесілсін» , - деді жиналғандар ашуланып.
Ақтөбе қалалық соты жәбірленушілерді сот отырысы таңғы сағат 10:00-де басталады деп шақырған. Бірақ судьясның сырқаттанып қалуына байланысты іс түстен кейінге қалған.
Шымкенттік салымшылар іске онлайн қатысып жүр.
Жиналғандардың ішінде зейнеткерлерден бастап қолына шаранасын ұстап алған әйелдер де бар. Олар түстен кейін болады деген сот процесі басталғанша 5 сағат сот ғимаратында күтуге мәжбүр болды.
Сот прцесі басталған соң, тұрғындарды онлайн іске қосты. «Гарант 24 ломбард» 3 жыл бұрын қаржы пирамидасы деп танылып, оны ұйымдастырған және басқарған адамдардың үстінен іс қозғалған.
Жаңалықтар
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді