Шымкентте ер адамды тергеген үш полицей жауапқа тартылды
Шымкент қалалық полиция департаментінде тергеу кезінде көз жұмған Нұрболат Жұмабаевтың ісі бойынша үш полицей жауапқа тартылды.
Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотында Нұрболат Жұмабаевтың ісі қаралып, екі подполковник пен бір полковник тергеу аяқталғанша екі айға қамауға алынды.
Еске салсақ, 8 желтоқсанда Шымкентте тергеу кезінде 31 жастағы ер жігіт көз жұмған. Бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша тіркелген. Күдікке үш лауазымды полицей іліккен.
Артынша Полиция департаментінің бастығы қайтыс болған жігітке полицейлер күш көрсеткенін мойындаған. Алты полицей ішкі істер органдарынан жұмыстан шеттетілген. Үшеуі қазір күдікті ретінде ұсталған.
Марқұм Нұржанның әкесінің адвокаты Талғат Есімов жұмыстан шеттетілген алты полицей де жауапқа тартылуы керектігіне сенімді.
«Алты полицейдің үшеуінің үстінен іс қозғалды. Мен қалған полицейлердің де, сонымен қатар мынау СОБР (жедел әрекет ету арнайы жасағы) қызметкерлерінің де үстінен қылмыстық іс қозғалуы керек деп есептеймін. Бұл бойынша прокуратураға талап-арыз бермекпіз. Сондай-ақ осы оқиғадан кейін департамент бастығы өз қызметінен кетуі керек деп есептейміз. Бұл бойынша Президент әкімшілігі, Бас прокуратура мен тергеу тобына алдағы күндері шағым жібереміз» деді адвокат.
Жаңалықтар
- Күйеуі ұрып, қолын сындырған: Жанжалдан кейін әйел өзіне қол салды
- Зеленский Ирина Мудраяны қызметтен босатты
- NASA Falcon 9 құлағаннан кейін Айда пайда болған кратер фотосы жарияланды
- Алматы облысындағы тауда шашылып жатқан адам сүйектеріне қатысты ТЖД мәлімет берді
- «Сұңқар» шаңғы трамплині: 10 жылдан асса да жұмысшылар неліктен жалақысын сол күйі алмай кетті?
- «Біреуінің бауыры езіліп, үш бала қашып кеткен»: Райымбек ауданындағы қайғылы апатқа байланысты жаңа деректер шықты
- 20 тамыздан бастап қандай смартфондарды сатуға тыйым салынады?
- Бас мүфти Наурызбай қажы: Әйелге қол көтеру – ерлік емес
- Тәртіп өзгерді: Алимент түсетін арнайы шотты бұғаттауға болмайды
- Солтүстік Арал қайта толып келеді: Су дипломатиясы теңіз тағдырын өзгертті
- Алматыда екі жігіттің сөмкесін ашып қараған полицейлерге қатысты қызметтік тексеру басталды
- Башар Асадтың бауыры Сирияда өлім жазасына кесілді
- Dior компаниясының PR-директоры Матильда Фавье жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты
- «Алатау» жеңілдетілген бағдарламасы: Елімізде тағы бір 5 пайыздық ипотека іске қосылды
- Шетелдік туристер Алматы облысындағы тауда шашылып жатқан адам сүйектеріне тап болды
- ХҚКО қызметкері қызметтік көлікпен кейуананы қағып, мерт қылды
- Қуат Хамитов Қазақстанда басшылық қызметке тағайындалды
- Астанада 20 жыл бұрын жасалған кісі өлімі әшкереленді
- «Малсыңдар»: Димаш Құдайберген әйелін ұратын еркектерді сөкті
- Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға сот үкімі шықты