Шымкентте ер адам өз қызын зорлады
Фото: ашық дереккөзден
Шымкенттік әйел күйеуін сегіз жасар қызына зорлық көрсетті деп айыптап, тергеуші мен прокурордың істі жабуға тырысып жатқандығын айтты.
Кtk.kz хабарлауынша, қыз анасына әкесінен қорқатынын мойындап, онымен бірге қалдырмауды өтінген. Артынша бұл сұмдық бір жыл бойы жалғасқаны белгілі болды.
Ер адамның үстінен «жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша іс қозғалды. Дегенмен ол бостандықта жүр. Полицияға арызданғаннан кейін ер адам қамауға алынды, бірақ 10 күннен кейін босатылған.
«Тергеуші де, прокурор да, күйеуім де бір ауылдан. Олар алыс туыстар. Іс дұрыс зерттелмеген, созылып кеткен, дәлелдемелер есепке алынбаған, сараптамалар тағайындалмаған. Содан кейін күйеуім маған: «Маған педофилдік үшін 10 жыл берсе де, мен шыққан соң сені және қызыңды өлтіремін» деп қорқытты» деді әйел.
Тергеушілер бұл істе ешқандай дәлел жоқ дейді. Сол себепті күдікті босатылған.
«Болған оқиғаның барлығын бір бала көрді, ол куәгер. Бұл туралы жәбірленуші тергеушіге айтып берген. Бірақ бұл айғақтар жауап алу хаттамасында да жоқ. Ал прокурор өз қорытындысында сот-медициналық сараптамасы дайын болмағандықтан, қамауға алынған адам босатылуға тиіс екенін атап өтті. Заң бойынша, олар, керісінше, қамауға алу мерзімін ұзарту керек! Өйткені, бұл сараптаманың ертең не көрсететіні белгісіз» деп ашуланды жәбірленушілердің адвокаты Нұркен Қалмұрзаев.
Шымкент қалалық полиция басқармасының ресми өкілі Салтанат Қаракөзова зардап шеккен тараптың арыз-шағымдарына байланысты тергеуші ауыстырылғанын айтты.
«Оларға бірқатар сараптамалар тағайындалды. Ал барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады» деді Қаракөзова.
Қазір тергеу дәлелдемелерді жинауда. Бірінші тергеушінің абайсыздыққа жол бергені дәлелденсе, тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Анасы сегіз жасар қызына барынша көңіл бөліп, оны өз әкесінен қорғауға тырысуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық