Шымкентте ер адам аттракционнан құлап кетті
Фото: Instagram
Шымкентте ер адам аттракционнан құлап кетті, деп заңгер Евгений Яворский әлеуметтік желіде хабарлады.
Оның айтуынша, ер адам құзға өрмелеу кезінде аттракционнан құлап кеткен.
«10 сәуір күні кешке Шымкент қаласындағы Бәйдібек Би көшесіндегі Жайлаукөл саябағында қайғылы оқиға орын алды. 20 жастағы жігіт құзға өрмелеу кезінде аяғы тайып, құлап түсті. Көктем басталып жатыр. Тұрғындар ойын-сауық саябақтарына, су қоймаларына барады. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін барлық техникалық құралдарға толық ревизия жүргізу керек» деп жазды заңгер.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған мәлімет бойынша ер адамның жағдайы ауыр, қазір комада.
«10 сәуірде жедел жәрдем қызметіне саябақтан ер адамның биіктен құлап, жарақат алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Тексеру кезінде науқастың маңдай аймағының жыртылғанын анықталды. Хирургиялық ем жүргізілді. Науқастың жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр» делінген хабарламада.
Шымкент қалалық полиция департаменті оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.
«2022 жылдың 10 сәуірінде Бәйдібек би көшесіндегі аттракциондар саябағында орын алған жайт бойынша Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабының 1-бөлігі бойынша (тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, істің барлық мән-жайы анықталатын болады» деді полиция.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық