Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
Фото: Orda.kz
Шымкентте 42 жастағы әйелдің бұрынғы күйеуі оның бетіне қышқыл шашып жіберген. Әйелдің жағдайы ауыр. Оқиға туралы жәбірленушінің анасы Нигара Мурзаметова Orda.kz тілшісіне айтып берді.
2 тамызда 42 жастағы Гүзал Қаратаева бұрынғы күйеуінің әрекетінен зардап шеккен.
«Бұл адам менің қызымның екінші күйеуі. Бірінші күйеуі бауыр қатерлі ісігінен енді қайтыс болған. Ол тісін емдетемін деп гепатит жұқтырып, содан қайтыс болды. Ал екінші күйеуімен 2019 жылы танысып, одан қыз босанған», – дейді анасы Нигара Мурзаметова.
Анасының айтуынша, бала босанғаннан кейін алты ай өткенде Гүзал әбден әбіржіп, үнемі көңілсіз жүрген.
«Сөйтсем, күйеуі қызымның атына миллион теңге несие алған. Сосын күйеу бала маған келіп, «300 мың теңге беріңіз, көлік аламын» деді. Мен олардың отбасында не болып жатқанын білмедім. Ақшаның бәрін алып, сол күйі жоқ болды, қайда кеткенін білмейміз», – дейді анасы Нигара.
Ер адам бес жыл бойы бой көрсетпеген. Гүзал алиментке арыз берген. Алайда күйеуі өзінің жалақысын 80 мың теңге етіп көрсетіп, небәрі 10 мың теңгеден төлеп отырған.
«Шілде айының соңында қызымның жұмысына барып, жанжал шығарған. Алименттен нотариус арқылы бас тарт деп дау шығарған. Қызым «Маған ешкімнен ештеңе керек емес, бізден аулақ жүр» деген. Сөйтсе, қызыма тағы да несие алдырмақ болған екен», – дейді Нигара Мурзаметова.
Әйелдің анасының айтуынша, ер адам қызын екі күн аңдыған. Ол Алматыға алдын ала билет алып, түннің бір уағында әйелге бөтен нөмірден хабарлама жазған.
«Қызым шаштаразда жұмыс істейді. Түнгі сағат 3 шамасында қызыма жазған. "Маған шугаринг жасап беріңізші" деп. «Неге түнде жазып тұрсыз, менің жұмысым таңғы сағатта тығыз басталады» деп қызым сұраса, «таңертең жол жүруші едім, ұшаққа отыруым керек» деп жауап берген», – дейді әйелдің анасы.
Гүзалды күйеуі осылай алдап, түннің бір уағында далаға шығарып алған. Ол тасада тығылып тұрып, әйелдің бетіне қышқыл шашып жіберген.
«Қызым жан дауысы шығып, айқайлап, көмекке шақырған. Таяу маңдағы үйлерден адамдар естіп, көмекке жүгірген. Қызым «Су, су беріңдерші» деп айқайлаған. Келген адамдар не болғанын түсінбеген. Ол бес литрлік су әкеліп, бетіне құйған, содан кейін жедел жәрдем шақыртқан», – дейді анасы.
Ал күдікті күйеуі Алматыға қашып кетіп, ізін суытқан. Анасының айтуынша, ер адамның Гүзалға дейін екі әйелі болған. Олар бұл адамнан әрең құтылған.
Қазір әйелдің жағдайы ауыр. Оған бірнеше ота жасалуы керек. Полиция күдіктінің ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады.
Шымкент қаласының полиция департаменті 2 тамызда дене жарақаттарымен Шымкент қаласының тұрғыны ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.
«Анықталғандай, оның бұрынғы күйеуі алдау жолымен кездесуге шақырып, әйелдің үстіне сұйықтық құйып, оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады полиция.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, сол күні Алматы қаласында ұстаған.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қамауға алынған. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында, дейді Шымкент қаласының полициясы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық