Шымкентте бейтаныс әйел адамды ұрған ер адам бір жылға сотталды
Бейнажазбадағы кадрдан үзінді
Шымкентте жай тұрған әйелді бейтаныс ер адам келіп соққыға жыққан, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Толығырақ жәбірленушінің өзі жағдайды баяндады. Оның сөзінше, досының туған күніне сыйлық алып, гүл сататын дүкеннің сыртында такси күтіп тұрған. Кенеттен бейтаныс ер адам келіп оған шабуыл жасаған.
«Артыма қарасам, темір жақтауға сүйеніп құлап бара жатқан ер адамды көрдім. Неге екені белгісіз, мен қатып тұрып қалдым, ештеңе айтпадым, байқаусызда маған тиіп кетті деп ойладым. Бірақ ол тұрып, басымнан қатты ұрды. Мен не болып жатқанын ұқпадым. Менің тіпті көзілдірігім ұшып кетті де, ол маған сондай қорқынышты көздерімен қарады», - деп жазды әйел.
Бәрінен де сорақы жағдай ол әйелге ешкім көмектеспеген. Маңайындағы адамдардан көмек сұрағанымен, бірде-бір адам қылмысқа қарсы тұрмаған.
«Мен өзіме келіп: «Полиция, көмектес» деп айқайлай бастадым. Мен дүкенге қарай жүгіріп, полиция шақырдым. Жанымнан адамдар, әйелдер мен ер адамдар өтті. Олардың көздеріне көрінбейтін сияқтымын. Қалтырағаным сонша, мен жылап жібердім, есеңгіреп қалдым. Айналамдағылар: «Оған не айттың?» деген сұрақтар қоя берді. Учаскелік полиция қызметкерлері де сол сұрақты қойды, неге екені белгісіз, тергеуші мен криминологтар да солай сұрай берді. Маған шабуыл жасаған адам да полицияның көзінше мені тауып алып, өлтіремін деп айғайлады», - деп есіне алды жәбірленуші әйел.
Әйелдің айтуынша ол басынан соққы алып, салдарынан миы шайқалған және терең психологиялық жарақат алған.
«Сотталушы О. 13 ақпан 2024 жылы сағат 18:00 шамасында Шымкент қаласы Нұрсәт тұрғын алабының №1 ғимаратының жанында орналасқан «Нұрсәт-2» дүкенінің алдында мас күйінде жәбірленушіні тепкілеген. Сотталушы О. әйелдің арқасынан себепсіз ұрып, одан кейін «бет тұсынан жұдырықпен ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, заттай дәлелдемелерімен, сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен, және Іс бойынша жиналған басқа да деректермен дәлелденді» деп хабарлады Шымкент соты.
Сот шешімі бойынша ер адам «бұзақы» деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Жазаны тағайындау кезінде сот мыналарды: онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық жасау, кінәсін мойындау және шын жүректен өкіну түріндегі жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың болуы, сондай-ақ сотталушының 3-ші топтағы мүгедектігінің болуын ескерді» деп хабарлады Шымкент сотынан.
Алайда сот үкімі әлі де заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ делегациясы Иранмен келіссөздердің екінші кезеңіне қатысу үшін Исламабадқа келді
- Алматыда 200-ден астам тұрғын құлағалы тұрған үйлерінен жаңасына көшті
- Almaty Half Marathon-на әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысты
- Қазақстандық спортшылардың осы аптадағы жетістіктері
- Астананың көлік жүргізушілері эвакуатор шақыру мен арнайы тұрақ ақысын өздері төлейтін болды
- Иран СІМ: Еуроодақтың өзі АҚШ пен Израильдің әскери қылмыстарын қолдап отыр
- Атырауда бөтен құжатпен 19 несие алған адам сотталды
- Солтүстік Қазақстанда 7,7 гектар орман алқабы өртенді
- Алматыда жол бойында өсіп тұрған ағаш автокөліктің үстіне құлады
- Сарбаздар мен әскери қызметшілерге телефон қолдануға рұқсат берілді
- Маңғыстауда жауған нөсер мен дауылдан жүздеген жылқы қырылды, ұсақ мал да бар
- КХДР Жапон теңізі бағытына бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды — БАҚ
- Украина Назарбаевқа арналған барельефті алып тастамайтын болды
- Қазақстан премьер-лигасы матчында «Қайрат» өз алаңында «Каспийді» жеңді
- Киев көшесінде өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған кісі алты адамды жер жастандырды
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды