Шымкентте балаларына зәр ішкізіп қорлаған әке, 10 жыл бұрын әйелін өлтірген
Фото: pexels
Балаларды байлап, жарты жыл бойы суға шомылдырмаған шымкенттік халық емшісінің 10 жыл бұрын әйелін өлтіргені анықталды.
Бұл туралы Kazinform хабарлайды.
Шымкенттік отбасылардың бірі бала асырап алып, оларды түрлі жолмен азаптаған. Өгей әке асыранды балаларды бірнеше жыл бойы құлдықта ұстаған.
Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннет Жазықбаева қоғамда наразылық тудырған оқиғаға қатысты біраз жайтпен бөлісті.
Оның айтуынша, ерлі-зайыптылар 2021 жылы өз балалары болмағандықтан, 6 баланы асырап алған. Балалардың әр қайсы әртүрлі балалар үйінен. Үлкені Шымкенттен, қалғандары Астана, Алматы, Өскеменнен алынған.
Жаннет Жазықбаеваның айтуынша, оқушы бірнеше ай бойы қорқып, көмек сұраған. Мұны естіген директор қалалық білім бөліміне хабарлаған. Ал, басқармадағы қорғаншылық қызметінің мамандары уақыт тапшылығына байланысты араша түсетін адам таппаған. Жазықбаева ақпан айында балалар туралы елең еткізетін фактілерді білген бойда білім бөліміне хабарласып, мектеп директорын құлағдар етеді. Арнайы комиссия құрылып, барлығы балалар үйіне жіберілді.
«Бұл отбасының үлкен үйі бар, бірақ ол тек комиссия үшін жасалған сияқты. Мүмкін олар көмірді, газды, электр энергиясын үнемдеген шығар, білмеймін. Өздері үш бөлмелі «уақытша ғимаратта» тұрады. Бала асырап алған адам емші. Мына үйді көрсең шошып кетесің. Қабырғаларға елестердің суреттері ілінген. Емші 80-жылдары қайтыс болған анасына ескерткіш орнатып, оның айналасына сүйектер мен шөптерді қойып қойған. Үйде жануарлардың мүйіздері бар. Кейін қораға кірдік. Ол жерде ит емес, 3 мысық байланып тұр, таң қалдық. Қораның іші өте лас. Бәрін түсіріп алдық» деді Жаннет Жазықбаева.
Арнайы комиссия барған кезде көмек сұраған жасөспірім мен ер адам үйде болмаған. Кейін олар табылғанда баланы көріп Жазықбаева шошып кеткен.
«Баланың алақаны қарт адамның алақанына ұқсайды. Ол ауыр жұмыс істеуге мәжбүр болған. Біз дереу оның киімін шешіп, денесін тексердік. Ол жарты жылдай жуынбаған сияқты. Үстіне тоқылған ақ жемпір кірден сұрланып кеткен. Денедегі көгерген жерлер мен шынжырмен ұрған тыртықтарды байқадық. Киімдері өте ескі. Басқа балалар да лас. 5-6 ай бойы жуынбағандықтан денелері тырналған. Бала қатты жөтеледі. Жасы кішілері сөйлей алмайды. Олар психологиялық қысымға ұшыраған. Алты баланың ішінен бір қыз ғана әдемі көрінеді. Тек соған деген жылы көзқарас болған, ал қалғандарын адам деп санамаған» деді омбудсмен.
Арнайы комиссияның анықтауынша, тоңазытқышта балалардың тамағы, тіпті сүт, айран жоқ екенін анықтады. Үлкен баласының айтуынша, әкесі оларды ит пен мысықтың етімен тамақтандырған.
Үйдегі шағын пештің жанынан арқандар табылды. Жасөспірімнің айтуынша, ұйықтар алдында қасынбау үшін қол-аяқтарын байлап қойған. Комиссия мен полицияның көзінше ер адам бұл арқандарды бірден пешке лақтырып жіберді.
Жасөспірімнің айтуынша, бұл үйге келгеннен бір айдан кейін сиқыршы оны сүндетке отырғызып, зәр ішуге мәжбүрлеген.
Омбудсменнің ықпалымен қазір балалардың жағдайы жақсы, олармен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт