Шымкентте ардагерлер шахмат ойнайтын орталық ашып беруді сұрайды
Фото: Orda.kz / Дилара Иса
Шымкенттегі бір топ ардагер қала әкімдігінің орталық саябақтағы шахмат ойнайтын орталықты жауып, жаңасын ашып бермегеніне қарсы шықты.
Қала тұрғыны 85 жастағы Күндебек Төребековтің айтуынша, ардагерлер шахмат ойнайтын орталық ашып беруді сұрап қала әкіміне бірнеше рет хат жолдаған.
— Әрқайсымыз әр жерде тығылып шахмат ойнап жүрміз. Миллион тұрғыны бар қалада қариялардың басын қосатын орталық ашып беруге болады ғой. Өтінішіміз, бізге нақты іс, тірлік керек. Орын бөліп қарттардың басын қосатын орталық ашып берсін,- дейді ол.
«Ақтұлпар» ардагерлер шахмат клубының директоры Нұрман Қонышбеков екі жыл бұрын қала әкімдігі Орталық саябақтағы ардагерлер орталығын бұзып, Пушкин кітапханасынан орын беруге уәде еткен. Содан бері ардагерлер далада қалған. Қазір қарттар күн жылыда көшеде шахмат ойнайды, күн суытқанда саябақтарға жақын кітапханаларды жағалайды.
Әл Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев қариялардың өтінішімен таныс. Ол қарттарға шахмат орталығын ашу үшін мемлекеттік мекемелерден бөлме қарастырып жатқанын айтады.
— Бұл мәселе туындағанына бір жылдай уақыт болды. Бұрынғы орталық № 8 гимназия жанында болған. Орталық мектептің қосымша ғимараты салынуына байланысты жабылды,- дейді аудан әкімі.
Авторы: Дилара Иса, Шымкент
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық