Шымкентте әкімдік қызметкерін бопсалаған блогер ұсталды
Фото: Бейнеден кадр
Шымкентте әкімдік қызметкерін бопсалап, 10 млн теңге сұраған күдікті блогер-журналист қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Полицияның мәліметінше, ол мемлекеттік органдардың жұмысына нұқсан келтіретін материалдарды жарияламау үшін ақша талап еткен.
Әкімдік қызметкерін бопсалаған журналист әрі блогер Арай Есенбек болып шықты. Қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, Арай Есенбек сұраған ақшасын алмаса, желіде айыптаушы материалдар жариялаймын деп қорқытқан.
Полиция журналистің үйі мен кеңсесін тінтіп, қылмысына дәлел болатын электронды құжаттарды тәркіледі. Қылмыстық іс қозғалды.
Orda.kz редакциясы Арай Есенбектің AMANAT партиясының бұрынғы мүшесі және Kungei.kz ақпараттық порталының иесі екенін анықтады. Бірақ көпшілік оны Шымкент әкімдігінің қызметін және спортпен байланысты жаңалықтарды жариялайтын журналист ретінде біледі.
Журналист 5 қараша, сәрсенбі күні әкімдікте өткен брифингке қатысып, шенеуніктерге сұрақтар қойды. Ал 7 қараша күні таңертең оның ұсталғаны туралы ақпарат таралы. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Айта кетейік, cабақ кезінде телефон қолданған оқушылардың ата-анасы айыппұл арқалайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық