Шымкентте қайтыс болған жігіттің досы: бізді тергеу кезінде ұрып-соқты
8 желтоқсан Шымкент қалалық полиция департаментіне «ұрлық» бабы бойынша ұсталып әкелінген күдікті бірнеше сағаттан кейін тергеу кезінде жұмбақ жағдайларда көз жұмды.
Азаттық хабарлағандай, 8 желтоқсан күні полиция көлік ұрлады деген күдікпен көшеден екі досты ұстап алып кетеді. Бірнеше сағаттан кейін тергеу кезінде Нұрболат жұмбақ жағдайда қаза тапты. Полиция «күдіктінің жүрегі ауырып, жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды» деген ақпарат таратты.
Жұмабаевпен бірге ұсталған досы Сергей Петров полиция бөлімшесінен әр-түрлі жарақаттармен шықты.
— Басымызға қап кигізіп, соққыға жықты. Сосын полиция департаментіне алып келді. Бізді жедел уәкіл қызметкерлері ұрып-соқты. Жұмабаевты да ұрды. Мен бәрін көрдім. Басымызға күртемізді орап тастады. Қолдарымызға кісен салды. Менің басымнан күрте түсіп кетіп жатты. Жұмабаевты әкетіп бара жатқанын, соққыға жыққанын көрдім, — деді ол.
Облыс полициясы бұл оқиғаның 8 желтоқсанда болғанын хабарлады.
«8.12.2021 жылы сағат 17:00-де Шымкент қаласының полиция департаментінің ғимаратында жауап алу барысында 1990 жылғы азамат қала аумағында бірнеше қымбат шетелдік көлік ұрлады деген күдікпен жеткізілді. Кенеттен ол өзін нашар сезінген. Оған бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Жедел жәрдем келгенге дейін азамат есінен танып қалды. Медицина қызметкерлері азаматтың қайтыс болғанын анықтады» деп хабарлады Шымкент ПД баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық