Шымкентте аяғы ауыр әйел сауда орталығында босанып қалды
27 жастағы аяғы ауыр келіншек сауда ойын-сауық орталығына келіп, босанып қалды. Оған орталық қызметкерлері көмек көрсеткен.
Қазір нәресте мен анасының жағдайы жақсы, дейді дәрігерлер, деп хабарлады Orda.kz өңірдің Otyrar.kz. сайтына сілтеме жасап.
27 жастағы жүкті келіншек 8 қазан күні Shymkent Plaza сауда ойын-сауық орталығында жүріп, өзін нашар сезінген.
Әуелі не істерлерін білмей сасып қалған сауда ойын-сауық орталығы қызметкерлері тез естерін жиып, сабырлық танытып, әйелді босандырып алу үшін киім ілетін жерде қажетті жағдай жасаған. Осылайша көпшіліктің көмегімен келіншек дүниеге қыз бала әкелді.
Көп ұзамай сауда орталығына жедел жәрдем мен дәрігерлер жеткен. Нәресте мен анасы №2 облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді. Дәрігерлер ана мен сәбидің жағдайын тексерген.
Дәрігерлердің айтуынша, дені сау, салмағы - 3200 грамм, бойы – 54 см қыз бала дүниеге келген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық