Шымкентте қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қару ұрлағандар ұсталды
Фото: Depositphotos
Шымкенттегі полицейлер Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде қару ұрлаған күдіктілерді ұстады.
Бұл туралы қалалық полиция департаменті тергеу бөлімінің бастығы Дәулеткелді Әбдіраманов айтты.
Спикердің айтуынша, жедел-іздестіру шаралары барысында қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы дүкендердің бірінен қару ұрлаған үш күдікті ұсталды. Олардың екеуі оңтүстік астанада жалдамалы пәтерде тұрса, үшіншісі бұрынғы достарына қонаққа келгені анықталды. Қару-жарақ дүкені тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқандықтан, жас жігіттер жағдайды пайдаланып, ұрлық жасауды ұйғарған.
– Дүкеннен қолға түскеннің бәрін алып, Шымкентке із жасыру үшін кеткен. Жігіттер екі «Сайга» аңшы мылтығы мен 70 патронды сатып үлгерген. Оларды да жедел қызметкерлер ұстаған. Ал ұрылардың бірі винтовканы сақтап қойған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабы «Қару ұрлау» бойынша ҚР ҚК-не тіркелді. Күдіктілердің үшеуі де Түркістан облысының тұрғындары. Қазір олар қамауда, – деп қосты Әбдіраманов.
Сондай-ақ басқарманың бас тергеушісі полиция қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатқанын атап өтті. Еске салайық, заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырғандар, егер олардың әрекеттерінде басқа қылмыстар болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық