Шымкентте 7 баланың анасын терезеден лақтырды деген күйеуі 1,5 жылға сотталды
Фото: жеке мұрағатынан
Шымкентте отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған Шолпан Ақмырзаның жұмбақ өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы жағдай 2024 жылдың 5 ақпанында қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. 42 жастағы Шолпан Ақмырза үшінші қабаттан құлап, сол жерде тіл тартпай кеткен. Оқиға болған кезде үйде оның 2 және 4 жастағы балалары болған. Марқұмның туыстарының айтуынша, бүлдіршіндер «анамызды әкеміз терезеден итеріп жіберді»,- деп айтқан. Алайда балалар кәмелетке толмағандықтан, олардың сөзін сот дәлел ретінде қабылдаған жоқ.
Іс «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қаралды.
Сотта ер адам әйеліне қол көтергенін мойындады, бірақ өлім сәтінде өзге бөлмеде болғанын алға тартты. Тергеу барысында оны терезеден лақтырғанына нақты дәлел табылмаған. Нәтижесінде «отағасы» 1 жыл 6 айға ғана бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейтін болды.

«Дау несие төңірегінде туған. Ер адам әйелінің телефонынан жасырын түрде несие рәсімдегенін байқап қойған. Салдарынан жанжал шығып, ол әйеліне тіл тигізіп, соққыға жыққан. Алайда оқиға болған сәтте ол өзге бөлмеде болғанын айтты. Терезеден итеріп жібергені дәлелденбегендіктен, іс өзіне қол жұмсауға итермелеу бабы бойынша қаралды», – деді судья.
Алайда марқұмның қыздары бұл үкіммен келіспейді. Олар анасының жылдар бойы психологиялық және физикалық зорлық көріп келгенін алға тартады.


«Анамызды өлтірген адам бар болғаны бір жарым жылмен құтылды. Бұл — әділетсіздік. Әкеміз бізден тек соңғы сөзінде кешірім сұрады. Бірақ біз оны кешірмейміз. Анам күннің аптабына да, даланың суығына да қарамай базарда жүріп бізді асырады. Әкеміздің қол көтеріп, қорлап келгенін бәріміз білеміз. Егер анамыз шын мәнінде өзіне қол салғысы келсе, оқиғадан үш күн бұрын ғана рәсімдеген несиені неге төлер еді? Қазір сол несиені біз төлеп жатырмыз. Ал ол ақшаға алынған жер телімі әкеміздің атына жазылып кеткен», – дейді жәбірленуші мен сотталушының қыздары.
Марқұм Шолпан Ақмырзаның артында жеті бала қалды. Ең үлкені – 22 жаста, кенжесі – 2 жаста. Ерлі-зайыптылар 16 жыл заңды некеде тұрған. 2020 жылы ажырасқанымен, кейін қайта қосылған. Алайда некені заңды түрде тіркемеген. Осы аралықта тағы екі бала дүниеге келген.
Автор: Назерке Еркінбекқызы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық