Шымкентте 60 шетелдік еңбек құлдығында болды
Алматыда полицейлер құтқарған Өзбекстан азаматының оқиғасы жалғасын тапты. Шетелдік қашып кеткен Шымкенттегі зауытты тексеру кезінде оның еңбек құлдығында отырған 60-тан астам жерлестері табылды.
Кәсіпорын иелері Өзбекстан азаматтарының құжаттарын алып, жалақыларын бермей, мезгіл-мезгіл ұрып-соғатын болған.
Бұған дейін Өзбекстан азаматы ағасының ұрланғаны туралы полицияға арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреулер ер адамның ізіне түсіп, BMW көлігімен ұрлап кеткен.
Әйел оның Шымкенттегі кірпіш зауытының бірінің қожайындарынан қашып кеткенін, ол жерде еңбек құлдығында ұсталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта үш кәсіп иесі ұсталды.
«Екі зауыт аумағынан Өзбекстанның 60-тан астам азаматы табылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оларды зауытқа жұмысқа шақырып, кейіннен құжаттарын алып, жалақыларын бермей, мерзімді түрде физикалық күш көрсетіп, қорқытқаны анықталды. Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары ұсталды. Олардың екеуі ағайынды» делінген полиция хабарламасында.
Полиция 25 шетелдік жұмысшы «Сана сезім» үкіметтік емес ұйымының қарауында екенін, 30-дан астам азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан қабылдау бөліміне орналастырылғанын айтты.
Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы «Еңбекті қанау мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру» және ҚР ҚК-нің 389-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық